Хабарлама Құрметті ата-аналар! » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарлама Құрметті ата-аналар!
03
март
2021

Хабарлама Құрметті ата-аналар!

Хабарлама

Құрметті ата-аналар!

 «Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес,2021 жылдың 1-3 наурыз аралығында Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады,күші 15-20 м/с, 2 наурызда және түнде 3 наурызда екпіні 23 м/сек күтіледі.

 Төтенше жағдай орын алған жағдайда мәліметті облыстық білім басқармасына (тел.43-88-05) және Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшілігіне 45-17-43 (факс),45-68-29 телефондары арқылы тез арада хабардар етіңіздер.







Хабарлама

Құрметті ата-аналар!

 Шу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 01.03.2021 жылғы №24-29-25-3/264 хатына сәйкес,Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау комитетінің атына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда,сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында өлімге әкелетін алкогольдік сусындарға балама ретінде антисептикалық заттарды қолдану жағдайлары бар екендігі туралы ақпарат келіп түскендігін хабарлайды.

 Осыған байланысты,балалармен қайғылы жағдайлар болдырмау үшін:

Балаларыныздың өмірі мен денсаулығы үшін антисептикалық құралдарды мақсатсыз пайдаланудың қауіптілігі мен салдары туралы түсіндіріп өтсеңіздер және құрамында спирті жоқ антисептикалық құралдарды пайдалануды қамтамасыз етсеңіздер;