Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
17
май
2018

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
Жалпыұлттық ата -аналар жиналысы
№ 5 хаттамасы
Шу қаласы 15.05.2018 жыл
Қатысқандар 1-11 сынып ата-аналары , КЖТБ аға инспекторы
Б.М. Досумов
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1) «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;
А.С.Жумагулова
2) Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;
А.Қ.Сатыбалдиева
3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;
А.М.Наврузбаева
4) оқу процесін цифрландыру;
С.К.Баялбекова

5) мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.
Г.Нұржаубаева

Тыңдалды: Мектеп директоры А.С.Жумагулова бүгінгі жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібімен таныстырып өтті.
Жалпы ата-аналар жиналысының мақсаты ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналады. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске сала отырыа, ата-аналарды отбасы күнімен құттықтадыы
1 мәселеге тоқталып Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жетістіктері.
Қазақстан бастауыш білім беруді қамту бойынша әлемнің 137 елі арасында 4-орын алды.
«Адами даму индексі» рейтингінде Қазақстан 188 мемлекеттің ішінен 56-орынды иеленіп отыр.
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 90,5% құрайды.
Беделді халықаралық олимпиадалардың қорытындылары бойынша мектеп оқушылары арасындағы Қазақстанның құрама командасы әлемде 10-орынды алады.
2017 жылы қазақстандық мектеп оқушыларымен 661 награда, оның ішінде 125-алтын медаль, 197 - күміс, 327-қола, 12-құрмет грамотасын жеңіп алды.
51 шетелдік ЖОО-мен бірлесіп 50 ЖОО-да қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілуде.
260 біліктілік бойынша жаңа модульдік бағдарламалар іске қосылды, мұнда ТЖКБ 3 біліктіліке дейін алу көзделген -деп атап өтті

Тыңдалды: 2 мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ Сатыбалдиева сө алып Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық құндылықтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіру. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті екендігін айтып өтті
Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылады.
2017-2018 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кіші бағдарламаны іске асыру мақсатында «ОТАНЫМ-ТАҒДЫРЫМ», «ӨЛКЕТАНУ», «САНАЛЫ АЗАМАТ» базалық бағытында мектепте жұмыс жүргізілді. Аталған базалық бағыттар бойынша өткізілген іс-шараларға оқушылар қатысты. Атап айтатын
11 сынып оқушысы Арман Жеңіс Республикалық «Алаш сенген жастар» жыр мүшайрасында ІІІ орын иеленді.
10 Сынып оқушысы Қинаят Ғабит Республикалық қазақ тілі олимпиадасы «Жас ғалым» номинациясымен ІІ орын иеленді

«ӨЛКЕТАНУ» бағытында облысымыздың,ауданымыздың тарихи көне орындарындарына 70 баланы ата-аналардың демеушілігімен саяхатқа апарып келгендігі туралы айтты. Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу шылында аудандық көлемде «Тұғыры биік -Тұрар» тақырыбында еске алу кеші жоспарлануын айтып өтті.
Аталған тақырыптпр мен өткізілген ісшаралар бойынша бейне ролик пен слайд көрсетілді

Тыңдалды: 3 мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Наврузбаева ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы биыл «Халықаралық отбасы» күніне сәйкес келіп отыр.
Баланың алғашқы тәрбиесі ата-анадан екені анық. Отбасы қандай болса,өсіп келе жатқан ұрпақ та сондай болады. Бала әке-шешенің үлгісінде тәрбиеленеді. Болашықтың басты ұстазы–ата-ана деп сөз бастады.
2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау мақсатында оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері айқындалды:
1) меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағынышты орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары - 2018 жылғы 25 мамыр;
2) 9 (10) сыныптардың қорытынды бітіру емтихандары - 2018 жылғы 28 мамырдан бастап 8 маусымды қоса алғанда, мемлекеттік бітіру емтихандары - 2018 жылғы 29 мамырдан бастап 30 маусымды қоса алғанда.
9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі:
1) таңдаған пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстанның тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша ауызша емтихан - 2018 жылғы 28 мамыр;
2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде білім беретін мектептерде қазақ тілі бойынша ауызша емтихан және қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша ауызша емтихан - 2018 жылғы 31 мамыр;
3) ана тілі мен әдебиеті бойынша (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан (шығарма - гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп үйрететін мектептердің білім алушыларына арналған, диктант - қалғандары үшін) - 2018 жылғы 5 маусым;
4) математика бойынша жазбаша емтихан - 2018 жылғы 8 маусым.
11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі:
1) ана тілі мен әдебиеті бойынша (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 2018 жылғы 29 мамыр;
2) таңдаған пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша тестілеу - 2018 жылғы 2 маусым;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде білім беретін мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу - 2018 жылғы 2 маусым;
4) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан - 2018 жылғы 6 маусым;
5) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 2018 жылғы 9 маусым.
Білім алушылардың қайталама қорытынды аттестаттауы 2018 жылғы 12-30 маусым аралығында өткізіледі деп таныстырып өтті
ҰБТ бойынша бейне роликтер көрсетілді
Тыңдалды: 4. мәселе бойынша Инфарматика пән мұғалімі С.К.Баялбеков өз сөзінде оқу процесін цифрландыру бойыншаа йтып өтт.і Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 27.04.2018 жылғы №01-2080 хаты және Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі басқарамсының 2018 жылғы 14 мамырдағы 02-03/1447 жолдаған хатына сәйкес «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған курсының жұмыс жоспары әзірленді. Мектепбімізде осы жоспарланған курсты өткізу мерзімі 2018 жылдың 1 маусымынан 29 –тамызы аралығына қойылып отыр. Осы уақыт аралығында мектебімізде алдымен мектептің 8-11 cынып аралығындағы оқушыларды, мектептің мұғалімдерін, мектептің тех персоналдарын және осы мектебіміздің мөлтек ауданындағы тұрғындардың цифрлық сауаттылғын арттыру жоспарланды. Орта білім жүйесін ақ¬па¬раттандыруды дамыту бойын¬ша бірқатар өзгерістер енгізіліп. Мәселен, бұған дейін «Ин¬форматика» 5-ші сыныптан оқы¬тылса, биыл 3-ші сыныптан басталады.
Оқушыларымыздың робот техникасына деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізге 3 Лего роботтары берілді. Адағы жаңа оқу жылында 5-11 сыныптар үшін «Информатика» пәні бойынша жаңа және сұранысқа ие болған АКТ дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Робототеника» элективті курсын өткізілетінін айтты
Аталған тақырыптар бойынша бейне роликтер көрсетілді
Тыңдалды: 5 мәселе бойынша Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кенесінің төрайымы Г.Нұржаубаева сөз алып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының жаңа редакциясымен таныстыру. ҚР БҒМ 2018 жылғы 8 ақпандағы № 43 бұйрығымен толықтырулар таныстырып, отбасылық дәстүрлердің қайта өркендеуі - жалпыұлттық идея. Отбасы - баланың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің алғашқы институты, оның үлкен ересек әлеміне кіруі бойынша алғашқы қадамы. Бүгінгі таңда оң отбасылық дәстүрлерді қайта өркендету, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесімен алмасу ҚР тәрбие жүйесінің маңызды міндеті болып табылады.
Отбасы мен мектептердің өзара іс-қимылын күшейту үшін қамқоршылық кеңестер қажет екендігін айтты
Қаулы:
1 Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Сатыбалдиеваның оқыған Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы баяндамасын қанағаттанарлық деп табылсын
2. Екінші мәселе бойынша 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары бойынша директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Наврузбаеваның мәлімдемесі негізге алынып мектеп бітіруші түлектермен жұмыс жасалғастырылсын.
3. Үшінші мәселе бойынша инфарматика пәні мұғалімі С.К.Баялбекованың « Оқу процесін цифрландыру» жөнінде насихаттау жұмыстары одан әрі жүргізілсін
4. Төртінші мәселе бойынша Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кенесінің төрайымы Г.Нұржаубаева «Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі» туралы жұмыстары жалғасын табылсын




Мектеп директоры : А.С.Жумагулова
Хатшы : А.Дүйсекбаева
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
[center]