Ата-аналар жиналысының хаттамасы » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысының хаттамасы
02
ноябрь
2016

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

hattama.doc [39,5 Kb] (cкачиваний: 193)
Посмотреть онлайн файл: hattama.doc

Шу қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
Ата –аналар жиналысы 
№4 хаттама 
қыркүйек айы                                                              2016 ж   
 қатысқандар: ата аналар мұғалімдер

Күн тәртібінде 
1. Өткен оқу жылына қорытынды: Мектеп директоры А.С.Жұмағұлова
2. «Қыз бала – ұлттың ұяты –халықтың шырайы» Мектеп психологы Алкеева.А
3. Мектептің ішкі ережесі А.Қ.Сатыбалдиева
4. Ата –аналар кеңесінің құрамын сайлау.
Тыңдалды: Өткен оқу жылына қорытынды.
Сөйледі: Мектеп директоры А.С.Жумагулова өз сөзінде мектепте атқарылған бір шама жұмыстар туралы айтып өтті. Мектептен жөндеу жұмыстары бойынша сынып бөлмелері, дәліздер,спорт залы түгелдей әктетіліп, сырланды. Барлық терезелердің сынық әйнектері ауыстырылып жаңа оқу жылына дайын екендігі айтылды.
Оқушылардың білімдері туралы айтып өтті ҰБТ-тің қорытындысы бойынша мектептердің мақтанышы «Алтын белгі» иегері Оразбай Гүлнұрдың 115 ұпай жинағанын айтып, алда осындай оқушыларымыз көп болсын деп тілегінде айтып өтті.
Тыңдалды: «Қыз бала – ұлттың ұяты – халықтың шырайы» (баяндама б.р)
Сөйледі: мектеп психологі А.Алкеева
Бала тәрбиесі – игілікті іс берері де, сұрары да, жемісі де мол тәрбие, халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзей алмайсың»-деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратындығы белгілі.
Бүгінгі қыз – ертенгі ана ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана және қоғам.
Ертенгі ана бүгінгі қыздарды тәрбелеу ананың және баршаның борышы қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сойлемей ізетті болу халқымыздың игі дәстүрінің бірі.
Ал қазіргі таңда бала тәрбиесіне радио, теледидар,ұялы телефон, газет журнал мен дискатекалар жан – жақты әсер етіп оны тәрбиелеуде. Ата – аналар күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт аз. Сондықтан қыздарымыз өзңмен өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасы, туыстары,ұстазды сыйлау, үлкенді қадірлеуді үйретсе болашақта халқын сүйетін өз шаңырағын атқаратын, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз деп сөзін аяқтап бейне ролик көруді ұсынды.
Тыңдалды: Мектеп ішкі ержесі
Сөйледі: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Сатыбалдиева
Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үдеріс. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел басымын десең, бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі бесіктенбасталатыны баршаға аян. Өйткені бала өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесә. Олай болса бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, міндеті көп. Ата-ана баланы оқытуға, сабаққа уақытында жіберуге, сабақтан кешіктірмеуге, себепсіз сабақтан алып қалмауға, ауырған жағдайда баланы дәрігерге қаратып, мектепке денсаулығы туралы анықтама анықтама әкелуге, бір жағдай болып баланы алып қалған жағдайда қол хат жазып, сынып жетекшісіне хабарлауға, баламын мектепке формамен жіберуге, Сабаққа әкеліп алып кетуге сабақтан соң міндетті екенін баса айтты.Сонымен қатар мектепке қымбат әшекей бұйымдар тағу болмйтындығы,ұялы телефон алып келмеу керектігі, алып келген жғдайда егер телефоны жоғалса мектеп әкімшілігі жауап бермейтіндігі ескертілді. Сонымен қатар арнайы ауыз судың жоқтығына байланысты әрбір оқушы өздерімен бірге құтыға құйып су әкелу керектігі айтылды.
Кешкі сағат 21.00 ден кейін ата-анасынсыз 18 жасқа толмаған балалар көшеге шығуға болмайтындығы, көңіл көтеретін орындарға бармау керектігі ата-аналарға ескертілді.
Тыңдалды: Ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау Ата-аналар комитетінің төрайымы Еркебай.Ү
Сөйледі: Ата-аналар кеңесінің төрайымы Ү.Еркебай өз сөзінде өткен оқу жылында мектеппен тығыз байланыста болып, белсене араласқан ата-аналарға алғысын білдіріп, жаңа оқу жылына ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау керектігін айтты.
Ата-аналар тарапынан бір ауыздан төмендегі ата-аналарды ұсынды.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Нұржаубаева Гүлмира
Мүшелері:
1. Маукеева Шолпан
2. Тұрғынбаева Ардақ
3. Хорягина Людмила
4. Ионаш Ольга

Шешім

1. «Қыз бала – ұлттың ұяты- халықтың шыраиы»баяндамасы,назарға алынып мектепте «Қызжібек» клубының жұмысы жүргізілсін.
2. Мектептің ішкі ережесін сақтау ата-аналар тарапынан қадағалансын.
3. Ата-аналар кеңесінің құрамы болып төмендегі ата-аналар сайлансын.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Нұржаубаева .Г
Мүшелері: Маукеева Ш, Тұрғынбаева А, Корягинв А, Ионаш О

Мектеп директоры:                А.С.Жумагулова 
Хатшы:                                   А.Дүйсекбаева

Похожие публикации:

06 ноябрь 2016 Мектеп ережесі
02 ноябрь 2016 "Алғашқы қоңырау"