Конференция » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2018

Конференция

Шуқаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 8, 9 қыркүйек күндері «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата- ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 1,10,11 сынып оқушыларының ата- аналарына өткізілген конференция туралы

МӘЛІМЕТ

8,9қыркүйек күндері конференция сағат 10,00-де 1 ,10,11 сынып оқушыларының ата - аналарымен өткізілді. Ата- аналарға тіркеу жүргізіліп, сауалнамалар және жаднамалар таратылды. Конференцияға келген қонақтар Шу ауданы төтенше жағдай бөлімінің бастығының уақытша қызметін атқарушы подполковник Д.К. Жанкулиев, Шу ауданы төтенше жағдай бөлімінің аға инженері , аға лейтенанті Б.С.Бегалиев қатысып құттықтау сөздерін айтты.

 

 

Конференцияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен  мектеп директоры А.С. Жумагулова таныстырды. 

 

 

Мектеп психологтары А.А.Касымова және Л.О.Акшабаева конференция бағдарламасын талқылады. 
 

 

Ол жерде балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қорғау ,  мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу, біріңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, 1-ші сыныпта бейімделу заңдары  туралы жан- жақты слайдтар арқылы айтылып, мағыналы  видеороликтер көрсетілді.

 

 

Конференцияны мектеп директоры өз сөзімен қорытындылап, балаларды бірігіп тәрбиелеуге шақырды.

Конференция соңында ата- аналар сауалнама толтырды.

 

 

Ата-аналар ұсыныстар мен тілектер айтып сөз сөйледі.
 

 

Мектеп директоры:    А.С. Жумагулова