9 және 11 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау туралы мәлімет » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9 және 11 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау туралы мәлімет
10
март
2020

9 және 11 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау туралы мәлімет

9 және 11 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау туралы мәлімет

9 сынып білім алушылары келесі емтихандарды тапсырады:

1.Ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе); 

2. Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

4. Таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) бойынша жазбаша емтихан.";

11 сынып білім алушылары төмендегі емтихандарды тапсырады:

1.Ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе); 

2. Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан( бақылау жұмысы);

3. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі   бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі   бойынша жазбаша емтихан (тестілеу);

4. Таңдау пәні (физика-7 оқушы, биология-4 оқушы, география – 6 оқушы,  дүниежүзі тарихы-3 оқушы,  шет тілі (ағылшын) – 1 оқушы)  бойынша жазбаша емтихан(тестілеу);

5. Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан.


        9  сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат  бөлінеді.

       Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.

      Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

      Математика (алгебра) пәні бойынша "2" және "5" деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.

      9  сыныпта жұмыстар балл қою схемасына сәйкес тексеріледі.

       11 сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім курсы үшін математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

      Эссе қорытындысы бойынша орфография мен грамматика үшін баға тілдік пәндер бойынша қойылады, мазмұны үшін баға әдебиет бойынша қойылады.

      Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады.

      Ауызша емтиханда 11  сыныпта жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).

       11 сыныптарда әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағалары мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізеді.

      9 сыныпта Комиссия білім алушыларға балдар мен емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы үшін емтиханның қағаз және электрондық хаттамасына енгізеді.

      9  сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.

       Білім алушылардың 11 (12) сыныпта ауызша емтиханда алған бағалары оларға осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады.

Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) 11  сынып білім алушыларының таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11  сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ҰТО филиалына жолдау;

      3) қорытынды аттестаттау өткізу, сондай-ақ қорытынды аттестаттауға білім алушыларды даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа 9 және 11 сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

      5) жазбаша емтихан жұмыстары аяқталғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;

      6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

      7) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанынан қалыптастырылған Комиссия қарауына   білім бөлімдері арқылы жолдау;

      8) осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкіліне сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын бағаларға ауыстыру;

      9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.