1 қыркүйек - "Білім күні" мекрексі мен 2023-2024 оқу жылының басталуы туралы мектеп директорының құттықтауы » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек - "Білім күні" мекрексі мен 2023-2024 оқу жылының басталуы туралы мектеп директорының құттықтауы
01
сентябрь
2023

1 қыркүйек - "Білім күні" мекрексі мен 2023-2024 оқу жылының басталуы туралы мектеп директорының құттықтауы

    Құрметті ұстаздар, білім алушылар, ата -аналар, қадірменді қонақтар! Сіздерді мектеп ұжымы атынан 1-қыркүйек -Білім күні, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын. 

    Уважаемые учителя, ученики, родители поздравляю всех с Днем знаний.Желаю вам успехов и здоровье. 

    2023-2024 оқу жылы 38 сынып, 707 білім алушымен басталды. 1-11сынып аралығында 112 оқу үздігі, 300 оқу екпіндісі, білім сапасы 58,5% болды. 

     Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі  бұл мектеп түлектерінің ҰБТ- дегі білім деңгейі ҰБТ-ге қатысқан 23 түлек , 32 түлек орта мектепті бітірді. 21 жоғары оқу орнына,  4 колледжге қабылданып, 

7 түлек білім гранты иегері болып танылды. 

Адам өміріндегі сарқылмас қазына - ол білім. Адам баласы барлық арман,  мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгінгі оқушы – білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани – адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үш тілді еркін меңгерген тұлға болуы керек осы мақсатқа жету жолында ұстаздарымыз аянбай еңбек етуде. Жаңа оқу жылының жаңалығы да, жүктейтін міндеттері де көп. 

     XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және  денсаулығы мықты азаматтар, үздіксіз білім алу қажеттілігі.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуде балаға» деген ұлы Абай. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі өнеге өлшеусіз. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Сіздер жастардың болашағын айқындайсыздар. Бүгін еккен дәндеріңіз, ертеңгі жеңісті, жемісті күннің кепілі. Тамыз-қыркүйек айлары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы республика көлемінде өтуде. Бұл акцияның мақсаты-әлеуметтік қолдауды қажет ететін өте мұқтаж отбасы балаларына көмек, қолдау көрсету. Бұл шараға ұстаздар, мектеп түлектері, жеке кәсіпкерлер белсене ат салысты. Тарыққанға қол ұшын берген берген қай қайырымды жандарға алғысымыз шексіз. Акция әрі қарай жалғасын табады.

     Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің талабы-оң, қадамдары құтты болсын! Мектепте тек қана жақсы және үздік бағалар алатын болыңдар!


Құрметті ата-аналар! Білім саласында болып жатқан Жаһандандыру үрдісінде  сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып   тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде сіздердің қолдауларыңыз, әрдайым назарларыңыз, оқу тәрби, үрдісіне қатысуларыңыз маңызды шарт. Бірлескен еңбегіміз, балаларымызды білім шыңына жетелесін.


Құрметті ұстаздар! 

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбетеріңіз әркез жемісті бола берсін. Ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.Білім сапасын арттыруда игі бастамаларға шығармашылық ізденіс, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін! Жаңа оқу жылы ұстаздар мен білім алушыларға жетістікке толы, сәтті болсын!