2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі
19
май
2023

2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі

Құрметті ата-аналар!
Шу ауданының білім бөлімі Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, көліктерде серуендеуге, табиғатқа  саяхатқа шығуға қатаң тиым салынатындығын ескертеді! 
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында: 
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу, 
- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне сыйлықтар беруге тыйым салу,
- бірыңғай мектеп формасын кию,
- соңғы қоңырауда көлікте серуендеу, 
- кафеде отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау  керек. Емтихан  кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін ескертемін!
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби бабамыз. Сондықтан жас ұрпаққа тәлім- тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ!