ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен басталады » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен басталады
27
апрель
2023

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен басталады

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі" КММ-не 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен басталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өтуі қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
1) Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымша нысанына сәйкес өтініш;
2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
3) Баланың 3х4 cм өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
Мектепте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.
Мектептің мекен-жайы:
Шу қаласы Сыпатай батыр көшесі 20А                      
Телефон: 8 (747) 082 56 07