1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ
01
апрель
2022

1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2022-2023 оқу жылы 1-сыныпқа 400 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 30 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
🔻Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
🔻Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
🔻«Бала денсаулығы паспорты»;
🔻3х4 көлеміндегі 2 фото.

❗️Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.