Қыз болашағы - Ел болашағы » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2023

Қыз болашағы - Ел болашағы

        Қыз балаларды жат қылықтардан аулақ болуға,зиянды заттардан жиренуге,тазалық,инабаттылық,имандылыққа тәрбиелеу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде тәрбие орталығы ұйымдастыруымен қыздар жиналысы өткізілді.Жиналыс барысында ДТІЖО Сатыбалдиева А.Қ. және ДҚТІЖО Г.Шолпанкулова қазіргі жасөспірім қыздар арасында өзекті мәселелері және шешу жолдары туралы айтып өтті. Соңғы кездері қыздар арасында болып жатқан түрлі түсінбеушілік салдары,тәртіп бұзушылық,оның тұғызатын зардаптары туралы нақты фактілерімен мысал келтіріп өтті. Мектеп психологтары А.Н.Сагындыкова Л.О.Акшабаева "Жылы жүрек-жақсы тілек" атты тренинг жүргізіп,қыз тәрбиесі туралы жалпы түсінік беріп,ситуациялық жағдаяттарды шешті.