Қазақ тілі мен әдебиет пәні айлығы аясында » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиет пәні айлығы аясында
06
февраль
2023

Қазақ тілі мен әдебиет пәні айлығы аясында

Қазақ тілі мен әдебиет пәні айлығы аясында
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 31 қаңтар күні қазақ тілі пән мұғалімі Л.Суттібаева  Тараз қалалық Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының көрме меңгерушісі Назым Қожамарова, ғылыми қызметкер Меруерт Кокусовамен бірлесіп мектеп оқушыларымен " Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртаза -90 жаста" тақырыбында әдеби сазды, қойылымға толы кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын барынша насихаттау, көрмедегі қол жазбаларымен   таныстыру.
Әдеби кеш барысында оқушылар Шерхан шығармаларынан " Бесеудің хаты" , " Ай мен Айша" сахыналық қойылым қойып, ой толғауларын мәнерлеп оқыды.
Мектебімізде айлық барысында өткізілген іс-шарада  білім алушылардың бойынан қоғам қайраткеріне деген зор құрмет байқалды.