18
октябрь
2021
Шу қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде бастауыш бірлестігінің: «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында 2021 жыдың 01-29 қазан аралығында айлығы өткізілуде.
Шу қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде бастауыш бірлестігінің: «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында 2021 жыдың 01-29 қазан аралығында айлығы өткізілуде.
Мақсаты: Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерінің мәнін және оларды бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие процессінде қолдану қажеттілігін анықтау.
Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері айлықтың жоспарын құра отыра, алдарына келесі міндеттерді қойды:
Бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын іске асыруға бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді қолдау бойынша коучингтер, шебер сыныптар, тренингтер, семинарлар өткізу;
Оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;
Сабақ және сабақтан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отырып, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту;
Барлық өткізілген ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарда бастауыш сынып мұғалімдері үлкен жауапкершілік, оқушылар белсенділік танытты.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарда жаңа инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылған.
Бастауыш сынып мұғалімі Баялбекова А.Т. 2«А» сыныбымен қазақ тілі пәнінен:
«Дауыссыз дыбыстардың түрлері» (Әдепті қыз)тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру әдісімен басталды. Балалардың бір-біріне деген жылы лебіздерін тыңдау арқылы, сабаққа жақсы көңіл–күймен еңді. Мұғалім сұрақ-жауап әдісімен өткен тақырыпқа шолу жасады. Көңілді паравоз ойыны арқылы дауссыз дыбстарды ажыратты, 3 «Б» сыныбында Сабырқызы Алма математика пәнінен «7 санына көбейту және бөлу кестесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабағында жазбаша көбейту мен бөлу кезіндегі амалдар тәсілін тәжірибеде пайдалана білуді топтарға бөліп, балалармен қызықты тапсырмаларды ұтымды ұйымдастыра білді. Түрлі видеофильмдер көрсетіліп оқушылардың қызығушылығын арта түсті.




