Ата-аналар назарына! » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
август
2023

Ата-аналар назарына!

📌 Мектеп формасы туралы мәлімет.

2023-2024 оқу жылында Шу ауданы білім бөлімінің "Тұрар Рысқұлов  атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп формасы жайлы ақпарат:
✅«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы 
№ 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде  мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес 1-11-сынып оқушыларының формасы төмендегідей:

✅1)Ұлдардың формасы: қою-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, ), Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек.

✅2) Қыздардың мектеп формасы:  қою-көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет,  қара-көк түсті  белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек /тек қысқы уақытта/
 ✅Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен,  спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

✅10-сынып оқушыларына арналған әскери-парадты форма ақ жейде мен қара түсті шалбардан,галстук пен береттен тұрады.

✅Мектеп формасына түрлі ❌діни аксесурлар, джинсы , слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа , тор , кожа юбкалар қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. 

Мектеп әкімшілігі.