Мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2020

Мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2020 жылға арналған іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Орындалу нысаны

Жауапты орындалушылар

1

Мектеп инспекторымен,құқық қорғау органдарын қызметкерімен бірлесе отырып білім беру ұйымының аумағында,ғимарат ішінде күн сайын тексеру жүргізіп,стихиялы сауда саттық жолын кесу және күдікті тұлғаларды тексеру,мектеп аумағына бөгде адамдардың келуіне жол бермеу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру.

Тұрақты 

Ақпарат 

Мектеп әкімшілігі

Мектеп инспекторы

2

Мектепте балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын-алуға және жолын кесуге бағытталған сондай-ақ белгісіз тұлғалардан кондитерлік тағамдар мен сағыз өнімдерін сатып алуға жол бермеутді түсіндіре отырып,сынып сағаттарын өткізу

Тұрақты 

Ақпарат 

Сынып жетекшілер

3

«WhatsApp» желісі арқылы жалған ақпараттарды тарату Қазақстан Республикасының Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы жөнінде ата-аналармен жиналыс өткізу.

Қаңтар

Мәлімет 

Мектеп әкімшілігі

4

Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін сақталу жағдайына күнбе-күн талдау жүргізу ,нәтижесін білім беру мекемесінің құқықтық кеңесінде қарау,педагогикалық кеңестерде,ата-аналар жиналыстарында тоқсан сайын қарау

Тұрақты 

Ақпара 

Мектеп әкімшіліг

5

Бала қауіпсіздігі стратегиясын әзірлеп,оны ата-аналарға таныстырып,мектеп директорының бұйрығымен бекіту.

Қыркүйек 

Бала қауіпсіздігінің стратегиясы

Мектеп әкімшілігі

6

«Баланың қауіпсіздігі сақтала ма? » атты арнайы сауалнама жүргізу.

Тоқсан сайын

Сауалнама нәтижесі

Мектеп психологтары.

7

«Бала қауіпсіздігінің ережелері» тақырыбында ақпараттық стендтер мен парақшалар әзірлеу

Қазан 

Ақпарат

ДҚТІЖО

8

«Мектеп омбудсмені» тарулы ереже әзірлеу

Желтоқсан 

Ереже

ДҚТІЖО

9

«Мектептің қауіпсіздік командасын»құру

Қаркүйек

Ақпарат 

Мектеп психологтары

10

«Баланың қауіпсіздігі-басты назарда болуы тиіс»тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу.

Тұрақты 

Хаттамалар 

Мектеп әкімшілігі 

11

Бопсалау және басқа да қылмыстық фактілерді анықтау бойынша білім беру ұйымдарының оқушылар арасында жасырын сауалнама өткізу.

Тұрақты

Жыл бойы

Мектеп психологтар

12

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Тұрақты 

Хаттамалар 

Мектеп психологтары

13

Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып,өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қатысты қатыгездікпен қараудың бар-жоғын заңнамада белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес анықтап ,оларға көмек көрсету шараларын ұйымдастыру.

Тұрақты 

Ақпарат 

Әлеуметтік педагог

14

Балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты мүдделі мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ҮЕҰ-өкілдерімен жүйелі түрде кездесулер ұйымдастыру.

Тұрақты 

Ақпарат 

ДҚТІЖО