"Математика пәнін оқытудағы бағалау мен тиімді әдіс-тәсілдер" тақырыбында семинар-практикум өткізілді. » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Математика пәнін оқытудағы бағалау мен тиімді әдіс-тәсілдер" тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
09
февраль
2023

"Математика пәнін оқытудағы бағалау мен тиімді әдіс-тәсілдер" тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

2023 жылдың 9-ақпан күні математика пәнінің мұғалімдеріне арналған "Математика пәнін оқытудағы бағалау мен тиімді әдіс-тәсілдер"  тақырыбында Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде семинар-практикум өткізілді. 
            Іс-шара математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру,  әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. 
             Семинар-практикум барысында Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімдері Асеева Ирина Николаевна 9 сыныпта "Формулы тригонометрии"  тақырыбында ашық сабақ,  "Использование мнемотехники на уроках математики" тақырыбында педагогтерге арналған шеберлік сынып, Бекбосунова Галина Джелкубаевна 11 сыныпта "Санның логорифмі және оның қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ,  Бокиева Анар Нурланбековна 6 сыныпта "Линейное уравнение с одной переменной" тақырыбында ашық сабақ,  Бейсебаева Марал Сайынқызы және Жұмабекова Ақтоты Мәуленқызы 5 сыныптарда "Математика әлемінде" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. 
           Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін, Quizizz,  Wordwall,  Classroomsreen, Excel-диаграмма, Spinnet, QR-кодтау технологияларын сабақта қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетіп, әріптестерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 
           Аудандық семинар-практикумға 28 мұғалім қатысты.







Похожие публикации: