Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық
01
сентябрь
2022

Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық

Шу аласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде  2022-2023 оқу жылында «1-ші қыркүйек - Білім күніне орай «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»  тақырыбында  1-11 сыныптар арасында салтанатты жиын өтті.   
Салтанатты жиында  мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектібайқызы   ұстаздар мен оқушыларды  жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 1-ші сыныпқа аттаған жас бүлдіршіндер өздерінің тақпақтарын айтты. Қоғам қайраткері  Тұрар Рысқұловтың  ескерткішіне ардагер ұстаз  Бейсебаева Науаткүл Махатқызы және  мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектібайқызы   мен 11 сынып оқушылары  гүл шоғын қойды.  Жиын  соңы «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы 1-11 сыныптар арасында  бірынғай сынып сағаттары өтті. Сонымен қатар «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»; «Менің саяхатым» тақырыбында бейнероликтер түсірді.
Келген ата – аналар мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.