06
ноябрь
2016
Оқушыларға пайдалы кеңес
Оқушыларға арналған пайдалы кеңес.
Емтиханға дайындық кезінде көзге көп күш түседі.Сол себепті көзді дем алдырып отыру керек... Кез келген екі жаттығуды жаса:
- кезекпен жоғары- төмен, оңға-солға қара;
- көзбен өз атыңды жаз;
- кезекпен көз алдыңа жойылған нәрсені белгіле, содан кейін оны қағазда;
- шеңбер, шаршы,үшбұрыштың суретін сағат тілі бағытымен, содан кейін қарама –қарсы бағытта сал.
Күн тәрбтібі
Күнді үш бөлікке бөл.
1.Күндіз 3-5 сағат сабаққа дайындал, содан кейін көркемәдебиет оқы, ата- анаңа көмектес;
2.Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, би кешіне барып дбилеп қайт;
3.8 сағаттан кем ұйықтама,одан әрі ұйықтағың келсе, түстен кейін ұйықтап дем ал.
Тамақтану
Калориялы, дәруменге бай тағамдармен 3-4 мезгіл тамақтану керек. Грек жаңғағы, сүт тағамдары, балық, көкөністер, жемістер, шоколадты күнделікті тамақтануда қолдану.
Сабаққа дайындық орыны.
Сабақ оқитын жеріңді өзіңе жайлы етіп ұйымдастыр.Үстел үстіне сары немесе күлгін түсті сурет,картинка қой,бұл түстер жұмысқа деген ой-өріс белсенділігін арттырады.
Қалай көп мағлұматтарды есте сақтауға болады?
Мағлұматтарды сұрақ бойынша қайтала.Басында есіңе түсір ,сосын міндетті түрде қысқаша қағазға жаз, содан кейін негізгі деректертердің, күндердің дұрыстығын тексер.
Кітапты оқығанда негізгі ойды белгіле,олар жауаптың демеуі. Кейбір заңдардың есте сақталуы.
1. Есте сақтаудың қиындығы оның көлемінде емес.Аз нақыл сөз оқығанша үлкен үзінді оқыған жөн.
2.Бірдей жұмыс атқарып есте сақтағанда, оны түсіну оңай.
3. Бәрін бірақ оқығанша үзіліспен, шамалап оқу.
4. Көп қайталап оқығанша тиімді есте сақтайтындай етіп қайталау.
5. Егер екі мағлұматпен жұмыс істесең әуелі үлкенінен бастаған жөн
6. Адам түсінде есіне түсірмейді, бірақта ұмытпайды.
Жұмыс істеу қабілетін қолдау ережелері
1.Физикалық және ойлау еңбегін алмастырып отыру.
2.Гимнастикалық жаттығулар жасау баспен тұру, домалау сияқты жаттығулар қан айналымын жақсартады.
3.Көзді сақтау, әр 20-30 миуттан кейін ( кітаптан көзді аударып, алысқа қарау)
4.Теледидар, компьютер, ұялы телефонды қолдану уақытына шек