"Дублер күнін" ұйымдастыру » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(726) 435-01-20
Бухгалтерия
+7(726) 435-01-20
Версия для
слабовидящих
05
октябрь
2022

"Дублер күнін" ұйымдастыру

Шу қаласы Тұрар Рысқұлов  атындағы орта мектебінде ұстаздар күні мерекесіне орай  "Дублер күні" ұйымдастырылды.
Мақсаты: мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру .
  Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытты. Бұл күні 11- сынып оқушылары барлық сабақ мұғалімдерін алмастырып, мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жасады.
 Таңертеңнен бастап мектепте ерекше көңіл-кдоморнады, оқушылар  осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты.
  Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз  өз ұстаздарының күнделікті жұмысы  туралы  тура түсінік пайда болды.Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп,  әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісіп, мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты да мамандық екен деген ортақ ой қалыптастырды.