Дәрумендердің ағзаға пайдасы » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(726) 435-01-20
Бухгалтерия
+7(726) 435-01-20
Версия для
слабовидящих
» » Дәрумендердің ағзаға пайдасы
08
февраль
2019

Дәрумендердің ағзаға пайдасы

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі

Дәрумендердің ағзаға пайдасы

Орындаған : Р.Далбаева

2018 -2019 оқу жылы

Дәрумендердің ағзаға пайдасы

Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету.

Витаминдер (дәрумендер) – денсаулық тірегі . Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес .

Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттардыайтады. Витамин латынша vita – өмір, vitman – тіршілк дген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен мағынаны береді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп – өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқарартын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса , яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, олар әр түрлі ауруларға шалдығады. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-оранизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар.

Витаминдердің классификациялары:

1)Алифатикалық витаминдер қатары(аскорбин қышқылы)

2)Алицикды витаминдер қатары

3)Ароматикалық витаминдер қатары

4)Гетероциклды витаминдер қатары

Тамақ азықтарында, дәрі – дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін витаминдерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.

Организмде В1 витаминінің жетіспеуінен жүйке жүйесі нашарлайды. Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды – тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі.