14 наурыз-Көрісу мейрамы » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 435-01-20
Есепші бөлімі:
+7(726) 435-01-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2023

14 наурыз-Көрісу мейрамы

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде "Көрісу" күніне орай іс-шара өтті.
14 наурыз-Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып кешіріледі. 
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастархан жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне "Бір жасыңмен" дейді. Ол "Бір жасқа" есеюіңмен! "Осы жылға аман-есен жетуіңмен!" дегені білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. 
Мақсаты: Оқушыларға қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.