13
январь
2023
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев бүгін кемеңгердің туылғанына 110 жыл толуына орай Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде «Қонаев - ғасыр адамы» тақырыбында кеш өткізілді
Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бүгін кемеңгердің туылғанына 110 жыл толуына орай Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде «Қонаев - ғасыр адамы» тақырыбында кеш өткізілді.
Мақсаты: Қонаевтың өмірінен оқушыларға мағлұмат беру. Қонаев атамыз туралы ой-пікірлерін арттыру. Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттай отырып, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.






