Су - біздің досымыз, егер сақтық пен саналылықты сақтасаңыз! » Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Тұрара Рысқұлов атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(726) 435-01-20
bookkeeping:
+7(726) 435-01-20
Version for
visually impaired
» » Су - біздің досымыз, егер сақтық пен саналылықты сақтасаңыз!
16
June
2023

Су - біздің досымыз, егер сақтық пен саналылықты сақтасаңыз!

Қымбатты ата-аналар мен балалар!
Тоғай мөлтекаудан  тұрғындары!
Жазғы айларда күннің көзі ысып, суға шомылу маусымы да басталып кетті. Осы орайда Тұрар Рысқұлов атындағы орта  мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдері,  сынып жетекшілер тарапынан 2022-2023 оқу жылы қортынды ата-аналар жиналыстарында, жоспарлы сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жалпы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ,  су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар WhatsApp желісі арқылы ата-аналар чаттарына, мектептің фейсбук парақшаларына жарияланды. 
Дегенмен, қазіргі жазғы маусым науқанында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  мектеп әкімшілігі ЕСКЕРТЕДІ: ата-аналар мен ересектер тарапынан houseжағдайында балаларға үнемі Шу өзені мен Тоғай мөлтекауданындағы каналдарында ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ, СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ ҰСТАНУ жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет!
Су - біздің досымыз, егер сақтық пен саналылықты сақтасаңыз!
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтайық! 
Біз біргеміз!